Бәріміз сенбілікке!
18.09.2026
12 қыркүйекте басталған «Таза Қазақстан» айлығына «Богатырь Көмір» ЖШС-нің еңбеккерлері де белсенді қатысуда.
Қала құраушы кәсіпорын ретінде компания тазалық мәселесіндегі өз жауапкершілігін жақсы түсінеді. Дәстүрге сай кеншілер шаһарымыздағы Қонаев көшесінің бойын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартуды өз міндетіне алды.
Бүгін бұл бастаманы 120-дан астам әріптесіміз қолдап, тазалық жұмыстарына қатысты. Шараға 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына 30 текше метр қоқыс пен қалдық шығарылды.
12 қазанға дейін жалғасатын «Таза Қазақстан» айлығы аясында кәсіпорын еңбеккерлері осылайша туған қаламыздың тазалығына өз үлестерін қосуда. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.
















